Қан және оның компаненттерін бөлу.
Қанды компоненттерге бөлу фракциялау бөлмесінде дайындалады. Бұл бөлме ассептикалық коннектормен, вирусинактивациялау аппаратымен, автоматтандырылған фракционатор аппаратымен , дәнекерлеу құрылғысымен, плазма экстракторлармен, қан компонентін өлшейтін таразылармен,цинтрафугалармен,жылдам мұздатқыш(Dometic)аппаратымен, қан тасымалдауға арналған контейнермен жабдықталған.
Фракциялау бөлмесінде бірнеше қан компонентерін дайындаймыз: эритроциттік жүзінді, аферезді лейкофильтрленген жаңа мұздатылған плазма, криопреципитат , лейкомасса, вирус тазартылған тромбоцит , вирус тазартылған жаңа мұздатылған плазма,жуылған эритроцит, біріктірілген плазманың түрлерін дайындаймыз. Қазіргі таңда облыстық қан отралығында 100%лейкофильтрден өткен қан өнімдерін дайындалады. Медициналық ұйымдардың сұранысына байланысты 50-ге жуық қан компоненттерін дайындаймыз.
Автор:Саруарова Айнур Орынбековна Усенова Нургул Кенесовна





