Дәрiгер, науқастармен сыпайы сөйлес
ҚР
Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi алғашқы
медициналық-санитарлық көмектi ұйымдастырудың қалыпты өлшемдерiн бекiттi.Онда халыққа алғашқы
медициналық-санитарлық көмектi ұйымдастырудың талаптары нақтыланды. Нақтырақ
айтқанда, онда жазылған әрекеттер алгоритмiне сәйкес, учаскелiк терапевттер,
жалпы тәжiрибедегi дәрiгерлер, фельдшерлер мен медбикелер науқаспен жылы
шырайда амандасып, онымен сенiмдi қарым-қатынас орнатуы тиiс, сонымен қатар,
сыпайы түрде қоштасуы керек.Мұнымен бiрге, медициналық жұмысшылар
науқасты қабылдап, қарардың алдында қолын жуып, қажет болғанда бетперде киюi
қажет. Бұл ереже әлеуметтiк жұмысшыларға да қатысты.





