993

Астаналық полицейлер жол апатынан зардап шеккен балаларға қан береді

Астана. 27 тамыз. Baq.kz – Ертең «Абайлаңыз - балалар!» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Астана ІІД қызметкерлерімен жол оқиғаларында зардап шеккен балаларға қан тапсыру акциясын өткізеді.
Жол-патрульдік полиция қызметкерлерінен өзге де ІІД барлық қызметкерлері өз еріктерімен қан тапсыра алады. Осы мақсатта сағат 08.00-ден 12.00-ге дейін ІІД ғимаратында жылжымалы қан тапсыру пункті орналыстырылмақ. Барлығы акцияға 200-ден астам полиция қызметкерлері қатысады деп күтілуде.
айта кетейік, жылдың басынан Астана қаласы аумағында балалардың қатысуымен 60 жол көлік оқиғасы тіркелген, оның ішінде бір бала қайтыс болып, 59 әр түрлі жарақат алыпты.
Сонымен бірге, осы күні полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасында жарақаттанған балалар жатқан ауруханаларға барып, сол жерде жас жол көлік инспекторлары қатысуымен жол жүру ережелерін білуі жайлы сауалнамасын жүргізеді.
Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov